Батыр Жүкембаевтың қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (20-1, 16 КО) алдағы кездесуі туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Kazinform.

бокс
Фото: sports.kz

Отандасымыз твиттердегі парақшасында кездесудің ресми постерін жариялады. 

Онда жекпе-жектің 13 желтоқсан күні өтетіні жазылған. Батырдың қарсыласы француз боксшысы – Мұхамед Мимун (23-5, 4 КО).

Бокс кеші Плант-Ситиде (АҚШ, Флорида штаты) өтеді. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. 

Айта кетейік, 21 қыркүйек күні Жүкембаев дәл осы Плант-Ситиде аргентиналық Уго Альберто Ролданды жеңіп, бірінші жартылай орта салмақта WBA NABA атағын жеңіп алған болатын.