Батырбек Әшірбаев Шымкент бокс федерациясының басшысы болды

Шымкент қаласының бокс федерациясына жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметті енді Батырбек Әшірбаев атқарады, деп жазды Оtyrar арнасы.

Батырбек Әшірбаев
Фото: Видеодан алынған кадр

«Алдымыздағы басты мақсат – Италияда өтетін халықаралық жарыс. Жарысқа қаламыздан 2 боксшы барады. Олар - Жайна Шекербекова, Мақсұт Сабырхан. Сосын шілде айында болатын Олимпиадада жақсы нәтиже көрсетеміз деп ойлаймын», - деді федерацияның жаңа президенті. 

Бокс жанашырлары жиналған шараға федерацияның экс-президенті Бахадыр Нарымбетов те қатысты. Ол бокс – ұлтымыздың даңқын асырған дамушы спорт түрі екенін, оны кәсіби тұрғыда ілгерілетіп, спортшылардың жағдайын жасаудың жолдарын әлі де қарастыратынын айтты.