Батырхан Төлеуғали Астанадағы Гран-придің жартылай финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали елордада өтіп жатқан Гран-придің ширек финалында сәтті өнер көрсетті.
Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында ресейлік Артем Мытаревпен кездесті.
Екі раундтың қорытындысы бойынша Батырхан Төлеуғали 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша ол кем дегенде қола медальді қанжығасына байлады.
Айта кетелік Батырхан Төлеуғали таеквондодан Астанадағы Гран-приде әлем чемпионын жеңген еді.