Батырларға тағзым: Алматыда 30 мыңға жуық адам Жеңіс шеруіне шықты

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Мегаполисте «Батырларға тағзым» естелік акциясы өтті.

Алматыда 30 мыңға жуық адам Жеңіс шеруіне шықты
Фото: Александр Павский\Kazinform

Іс-шара соғысқа қатысқан батырларға, тыл еңбеккерлеріне және Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан барлық ержүрек азаматтарға құрмет білдіруге мүмкіндік берді. «Батырларға тағзым» акциясын әскери үрмелі оркестр, Құрмет қарауылының ротасы мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері бастап шықты.

Алматыда 30 мыңға жуық адам Жеңіс шеруіне шықты
Фото: Александр Павский\Kazinform

— Биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығы атап өтіп жатырмыз. Бұл соғыста Қазақстан зор үлес қосты. Майданға бір миллион екі жүз мыңнан астам жауынгеріміз — аталарымыз, әкелеріміз аттанды. Олардың тек 600 мыңы ғана елге оралды. Бүгінгі ұрпақ үшін азаттық пен жеңіс жолында, бүгінгі жарқын әрі тәуелсіз Қазақстанда өмір сүруіміз үшін жанын қиған ерлерді ұмытпау — қасиетті парыз. Біз бұл азаматтарды әрдайым жадымызда сақтауымыз керек, — деді Қазақстан Республикасы Генералдар кеңесінің төрағасы, генерал-лейтенант Бексұлтан Сарсеков.

Алматыда 30 мыңға жуық адам Жеңіс шеруіне шықты
Фото: Алматы әкімдігі

Акция маршруты Гоголь көшесінің бойымен Орталық мәдениет және демалыс паркінен бастап, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябаққа дейін жалғасты. Шара Мәңгілік алау жанындағы Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қоюмен аяқталды. Бұл сәтте оркестрдің сүйемелдеуімен әскери әуендер орындалды. Акцияға 30 мыңнан астам алматылық қатысты.

Алматыда 30 мыңға жуық адам Жеңіс шеруіне шықты
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда 30 мыңға жуық адам Жеңіс шеруіне шықты
Фото: Алматы әкімдігі

Колонналарды безендіру барысында 500 мемлекеттік ту қолданылып, қатысушыларға 10 мың дана Қазақстан туы мен 20 мың «Жеңіс лентасы» таратылды. Іс-шараны ұйымдастыруға 500 ерікті жұмылдырылды.

Алматыда 30 мыңға жуық адам Жеңіс шеруіне шықты
Фото: Алматы әкімдігі

Еске салайық, бұған дейін Алматы-2 вокзалына «тарих пойызы» келетінін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар