«Батырларға тағзым» порталы «е-Архив» жүйесімен интеграцияланады

АСТАНА. KAZINFORM – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева креативті индустрияны цифрландыруға арналған Үкімет отырысында «е-Кино» ілкі жобасының алғашқы нәтижелерін атады.

Аида Балаева
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

- 9 мамырға арнайы жаңартылған «Батырларға тағзым» порталы іске қосылады. Қазақстанның архивтік қорларында сақталған барлық мәліметтерді біріктіру мақсатында бұл портал «е-Архив» жүйесімен интеграцияланады, - деді Аида Балаева.

Министрдің айтуына қарағанда, бұл қазақстандықтарға екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі бірегей архив деректеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

- Министрлік мәдениет, ақпарат, креативті индустрия және кітап ісі салаларын цифрландыруды тек жоғарыда аталған бастамалар мен жүйелер аясында ғана емес, сонымен қатар IT саладағы жетекші компаниялармен әріптестік негізінде де жүзеге асырады, - деді ведомство басшысы.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге қатысты мәлімдеме жасағанын жазған едік.

Оралда тарихи Хан тоғайы азып кетпеуі үшін экопарк жасау керек – ғалым
Ұқсас жаңалықтар

Оралда тарихи Хан тоғайы азып кетпеуі үшін экопарк жасау керек – ғалым