Батыс Алтай қорығында марал фототұзаққа ілікті

АСТАНА. KAZINFORM – Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығында марал видеоға түсіп қалды. 

Батыс Алтай қорығында марал фототұзаққа ілікті
Фото: видеодан алынған скрин

Қалың орман, тыныштық және өз тіршілігімен жүрген марал. Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығындағы фототұзақтан осындай кадр алынды.

Марал — Алтай табиғатына тән ірі тұяқты жануарлардың бірі. Көбіне орманды алқаптарды мекендеп, ашық жерге сақтықпен шығады.

— Ал фототұзақтың артықшылығы сол орманда не болып жатқанын жануарлар адамды көрмеген сәтте көрсетеді. Бұл жолы кадрдың басты кейіпкері марал болды, — делінген хабарламада. 

Айта кетелік Батыс Алтай қорығында қоңыр аю фототұзаққа түсіп қалған еді