Батыс әскерін Украинаға жіберу - НАТО-ны іске қосу деген сөз - Лавров

АСТАНА. KAZINFORM - Еуропалық әскерді Украинаға жіберу Еуропа мен Ресейдің гибиридті соғысы емес, бұл НАТО-ны ресми түрде қақтығысқа араластыру, деп мәлімдеді Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Астанаға келді
Фото: mid.ru

Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігі жазды.

- Біз мұндай әрекеттерді бақылап отырмаймыз. Мен тағы қайталап айтамын, бұл гибридті соғыс емес, НАТО-ны тікелей, ресми, ашық түрде Ресей Федерациясына қарсы соғысқа тарту. Бұған жол беруге болмайды, - деді Ресей сыртқы істер ведомствосының басшысы журналистермен болған кездесуде.

- Әсіресе Макронның (Франция президенті Эмманюэль Макрон) кешегі Ресей - қауіп-қатер деген мағынадағы жүйкеге тиетін мәлімдемесінен кейін. Егер қауіп болса, оған әскер жіберу керек екен.

Осыған дейін Франция президенті Эмманюэль Макрон Украинадағы шиеленіс жаһандық сипат ала бастағанын айтқан еді.

 

Соңғы жаңалықтар