Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізінің бойында логистикалық кешен салынады

АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізінің бойында салынатын сауда-логистикалық кешен қашан іске қосылатынын айтты.

транспортно-логистика
Фото: Midjourney

— Индустриялық сауда-логистикалық кешеннің орналасу орны ретінде Қазақстан жағындағы «Қарасу» өткізу пункті мен Қырғызстан жағындағы «Ақ-Тілек» пункттерінің маңайы таңдалды. Бұл Қырғызстанмен ең қарқынды транзиттік пункттердің бірі. Кешен «Алматы — Бішкек» бағытының бойында орналасады, бұл халықаралық «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» автожолы дәлізінің бір бөлігі. Индустриялық сауда-логистикалық кешен қызметтерді сақтау, тауарларды алдын ала сату үшін дайындау, консолидациялау және көтерме партиялар бойынша қайта бөлу қызметтерін ұсынады, — деді министр.

Айтуынша, қазір аталмыш кешен арқылы жұмыс істейтін резиденттер іріктеліп жатыр. 

— Ол пулға ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, көтерме және бөлшек сауда саласындағы компаниялар кіреді. Кешен аумағында жеңілдетілген шекаралық жүйе мен автокөлік құралдары мен жүктерді тіркеу жүйесі жұмыс істейтін болады, ал тауарлар жаңа көпір арқылы тасымалданады, бұл қолданыстағы өткізу пункттеріндегі жүктемені айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді. Жамбыл облысы әкімдігі мен Көлік министрлігі 2025 жылы көпір салу бойынша тиісті шаралар қабылдауы қажет. Кешенді 2026 жылға дейін іске қосу жоспарлануда, — деді Арман Шаққалиев.

Соңғы жаңалықтар