Батыс Еуропа — Батыс Қытай жолында көлік апатынан 5 адам мерт болды

ТАРАЗ. KAZINFORM — Жамбыл облысында жол апатынан бес адам қаза тапты. 

апат
Фото: Жамбыл облысы ПД

Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» тасжолында бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты болды.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы бесеуі ауруханаға жатқызылды.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жамбыл облысы полиция департаменті тиісті жедел-тергеу шаралары жүріп жатқанын хабарлады. 

Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында. 

Соңғы жаңалықтар