Батыс Қазақстан облысында 18 жасқа толған жастар дауыс берді

ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысында сайлауға келген халықтың нөпірі қалың. Өңір тұрғындары маңызды күннен қалыс қалмай, өз таңдауларын жасауға асығуда. 

Батыс Қазақстан облысында 18 жасқа толған жастар дауыс берді
Фото: БҚО әкімдігі

Бүгін ел болашағына алаңдаулы жастар сайлау учаскелерінен табылды. Олар Тәуелсіз Қазақстан үшін әрбір азаматтың науқанда таңдау жасауы маңызды деп есептейді.  Солардың бірі – Ақнұр Досқали. Ол – Жаһанша Досмұхаммедов атындағы педагогикалық колледждің І курс студенті.

Батыс Қазақстан облысында 18 жасқа толған жастар дауыс берді
Фото: БҚО әкімдігі

Ақнұр Қазақстан Республикасының азаматы ретінде елінің болашағы үшін референдумға дауыс беруге келгенін айтады. 

– Мен бүгін өз таңдауымды жасадым. Мұны еліміздің дамуына қосқан үлесім деп санаймын. Еліміздің болашағы жастар екенін әрқашан қаперімде ұстаймын. Жас ұрпақ АЭС-тің энергетикалық әлеуетін пайдалана отырып, келешекте мемлекетіміздің жетістіктерін еселей түседі. Демек, АЭС жобасын жүзеге асыру еліміздің өскелең ұрпағы үшін маңызды, - дейді Ақнұр Досқали.

Батыс Қазақстан облысында 18 жасқа толған жастар дауыс берді
Фото: БҚО әкімдігі

Сондай-ақ ол еліміздің маңызды саяси науқанына жауапкершілікпен қарайтыны жайында айтты. Сонымен қатар Ақнұр алғаш рет сайлау бюллетенін алып қана қоймай, естелік сыйлыққа ие болды. 

Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысында референдумға дауыс беру жалғасып жатыр. Сонымен қатар дауыс беру құқығы бар әрбір азамат referendum2024.gov.kz сайтынан өзінің сайлау учаскесін біле алады.