Батыс Қазақстан облысында кезекте тұрған тағы 12 ауыл тұрғыны баспаналы болды

ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 12 ауыл тұрғыны баспаналы болды.

БҚО
Фото: БҚО әкімдігі

Тұрғындарға жаңа үйлердің кілттерін облыс әкімі Нариман Төреғалиев табыстады.

Жаңақала ауданың тұрғыны, көпбалалы ана Маржан Шамелова бірнеше жыл бойы үй кезегінде тұрған.

тұрғын үй
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

«Көптен күткен үйімізге қол жеткіздік. Жаңа, кең, жарық баспанаға бала-шағамызбен кіріп, қуанып отырмыз. Ауылымыздың да сәні кіріп, жаңа үйлер салынып жатыр. Мемлекет басшысына қарапайым ауыл тұрғындарына көрсетіп жатқан қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз» - деді ол.

Биыл Батыс Қазақстан облысының 50-ден астам ауылдарында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 758 үй салынуда. Осы үйлердің үйдің 400-ге жуығы табысталды. Қалғаны жыл соңына дейін беріледі.

тұрғын үй
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
пәтер
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі