Батыс Қазақстан облысында үш ауданның әкімі сайланды

Батыс Қазақстан облысында үш ауданның әкімі сайланды
Фото: Kazinform

Батыс Қазақстан облысында үш ауданның әкімі сайланды, деп хабарлайды Kazinform. 

БҚО аумақтық сайлау комиссиясынан мәлім еткендей, сайлаушылар тізіміне енгізілген 28 897 сайлаушының 17 033-і дауыс беруге қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 9.

Бөкей ордасы ауданы бойынша Мейрамбек Ғилманов үшін 782, Нұрлыбек Даумов үшін 4 660, Нарынбек Кереш үшін 426 дауыс берілді. Барлығына қарсы белгісі бар бюллетеньдер саны – 178.

Қаратөбе ауданы бойынша Қанат Мұқанов үшін 557, Ермек Сайынов үшін 448, Қадыржан Сүйеуғалиев үшін 4 329 дауыс берілді. Барлығына қарсы бюллетеньдер – 115.

Тасқала ауданы бойынша Мэлс Нәріков үшін 1 032, Бекжан Тоқжанов үшін 381, Талғат Шәкіров үшін 3 138 сайлаушы дауыс берді.

Барлығына қарсы бюллетеньдер – 317.

Сайлау қорытындысымен Нұрлыбек Жасқайратұлы Даумов Бөкей ордасы, Қадыржан Орынбасарұлы Сүйеуғалиев Қаратөбе, Талғат Асқарұлы Шәкіров Тасқала ауданының әкімі болып сайланды.

1981 жылы туған Н.Даумов бұған дейін де Бөкей ордасы, 1972 жылғы Қ.Орынбасаров Қаратөбе ауданының әкімі болды. 1973 жылғы Т.Шәкіров бұған дейін Тасқала ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-ның үш ауданында сайлаушылар дауыс беріп жатқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар