Батыс Қазақстан облысының әкімі садақ ату бәсекесін бастап берді

Елімізде аталып өтіп жатқан Наурызнама он күндігіне сәйкес, 20 наурыз – Ұлттық спорт күні.

Садақ ату
Фото: Kazinform

Бұл күні Батыс Қазақстан облысында «Ұлттық спорт» күніне арналған садақ ату және сударыспақ спорты бойынша қала тұрғындары мен әуесқойлар арасында жарыс өтті.

Іс-шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, жиналғандарды Наурыз мерекесімен құттықтады.

Соревнования по казахским национальным видам спорта среди горожан прошли в ЗКО
Фото: БҚО әкімдігі

«Мемлекет басшысының бастамасымен биыл елімізде Наурыз мерекесі Наурызнама атауымен жаңа форматта тойлануда. Наурызнаманың әр күні ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға бағытталған. Бүгін міне Ұлттық спорт күні. Бұл күні ұлттық спорт түрлерінен өтетін сайыста бас қосып отырмыз.

Облысымызда өтіп жатқан сайыстардың мақсаты– ата- бабаларымыздан жеткен, ұлтымыздың қайталанбас ерекшелігін көрсететін ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттап, кейінгі ұрпаққа жеткізу», - деді облыс әкімі.

Бұдан кейін өңір басшысы жиналғандар алдында садақ атуды бастап берді.

Садақ ату және аударыспақ спорты бойынша өткен бәсекеге жастар және қала тұрғындары қатысты.

Аударыспақ
Фото: БҚО әкімдігі

Жалпы, Наурыз қарсаңында Ұлттық спорт күні Батыс Қазақстан облысында кеңінен аталып өтті.