Батыс Қазақстанда 10 ауылдың адамдарымен қатынас үзілді

ОРАЛ. KAZINFORM - Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр. 

тасқын су
Фото: ТЖМ

Қазіргі уақытта су шайған 65 автожол учаскесі бақылауда.

Жергілікті атқарушы органдар көлік қатынасынсыз қалған 10 ауылмен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорын құрды.

Облыс бойынша барлығы 1020 мың текше метр еріген қар суы сорылды.

219 мыңнан астам қапшық және 2700-ден астам инертті материал төселді.

су басты
Фото: ТЖМ

4 мыңнан астам мал қауіпсіз жерге айдалды.

Теректі ауданының Подстепное ауылында 37 аула аумағы су астында қалып отыр.

Су бұру және қапшық төсеу жұмыстары жүргізілді.

Бұл іске 430 адам, 86 техника, 11 қайық жұмылдырылды.

Сонымен қатар су тасқынына қарсы шараларға Маңғыстау облысынан күш-құралдар  тартылды.