Батыс Қазақстанда 11 ауылға Жайықтан қатер төніп тұр

ОРАЛ. KAZINFORM - Батыс Қазақстан облысының 11 елді мекені Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты қауіпті аймақта орналасқан.

тасқын су
Фото: видеодан алынған кадр

Осыған байланысты Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов өңірде екі тәулік бойы әр ауылға барып, үйінді бөгеттердің жай-күйін тексерді. 

министр
Фото: ТЖМ

Күні бойы ведомство басшысы Бөрлі, Январцево, Рубежинское, Озерное, Володарское, Байқоныс, Жайық және басқа ауылдарда болды. 

Айта кетейік, су тасқыны кезеңі басталғаннан бері өңірде 100 шақырымнан астам қорғаныс бөгеті салынды.