Батыс Қазақстанда ауыл тұрғынынан 226 киік мүйізі тәркіленді

Киік мүйізі
Фото: БҚО полиция департаменті

ОРАЛ. KAZINFORM - Батыс Қазақстан облысында Казталов аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы барысында ақбөкендердің мүйізін тапты.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, ауыл тұрғынының гаражын тінту кезінде 226 киік мүйізі табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 10-20 мамыр аралығында 103 қылмыс анықталды. Соның ішінде тыйым салынған заттарды алып жүргені және сақтағаны үшін 88 азамат ұсталып, олардан 13 атыс қаруы, 4 есікті заты, 5 оқ-дәрі, 64 жаншып-кескіш құралдары тәркіленді. Детоксация орталығына қоғамдық орындардан 366 адам оқшауланды. Белгілі тұрғылықты жері жоқ 45 адам қабылдау-тарату орнына, 8 жасөспірім бейімдеу орталығына жеткізілді. Аталған іс-шара барысында 500-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Сондай-ақ көлік құралдарын масаң күйде жүргізген 73 жүргізуші қолға түсті», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда киіктердің көбеюі шаруа қожалықтарын алаңдатып отырғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum