Батыс Қазақстанда беймәлім аурудан ұсақ мал қырылып қалды

ОРАЛ. KAZINFORM — АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық департаменті әлеуметтік желілерде малдың жаппай ауруға шалдығуы және қырылуы туралы жарияланымдарды тексеріп жатыр. 

мал төрт түлік
Фото: АШМ

Желідегі жазба авторы мұның себебін жұқпалы аурудың өршуі деп болжайды.

Сондай-ақ, оның айтуынша, жергілікті халық ұзаққа созылған жаңбырдан ұсақ мал әлсіреп кеткенін айтқан.

Анықталғандай, 24 шілде күні таңғы сағат 6:00–ден бастап Қазталов ауылында қатты жаңбыр жауған.

Шопан жайылымнан қойын ауылға айдай алмай, Қазталов ауыл округіндегі Мышым қыстауына тастап кеткен.

Салдарынан 25 шілдеге қараған түні 38 бас қой-ешкі қырылды.

«Сол күні ветеринарлық қызмет мамандары өлекселерді мал қорымына шығарды. Аса қауіпті ауруларды болдырмау үшін өлген 2 бас қой мен 1 ешкіден патологиялық материалдар іріктеп алынып, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық зертханасына жіберілді» дейді АШМ баспасөз қызметінен.

Нәтижесі 5 тамызда дайын болады.

Эпизоотиялық жағдай осы аумақтың ветеринарлық қызметінің бақылауында.

Қазақстандық студенттер әзірлеген жасанды интеллект жобасы Нью-Йоркте жеңіске жетті
Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық студенттер әзірлеген ЖИ жобасы Нью-Йоркте жеңіске жетті