Батыс Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты 11 жол бөлігі жабық тұр

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты 11 жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Боран
Фото: БҚО Төтенше жағдайлар департаменті

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазіргі кезде 3 республикалық, 8 облыстық маңызы бар автожолдар жабық.

«Республикалық Атырау-Орал (375-189 км, Ақжайық ауданынан Атырау облысы шекарасына дейін), Самара-Шымкент (266-526 км, Подстепный-Ақтөбе обл. шекарасы) Орал-Тасқала-РФ шекарасы (72-104 км, Тасқала ауылы-РФ шекарасы) жолдарында қозғалыс шектелген. Сондай-ақ облыстық маңызы бар Жымпиты-Қаратөбе (0-103 км), Үлкен Шаған-Переметный (0-42 км), Тасқала-Аққурай-Болашақ (0-157 км), Бөрлі-Ақсай-Жымпиты (38-159 км), Подстепный-Теректі-РФ шекарасы (38-108 км, Теректі-Бөрлі ауылы), Теректі-Ақсай (0-82 км), Ақсай-Шыңғырлау (0-86 км), Орал-Кирсанов (23-183 км, Дариян-Кирсанов) жолдары да жабылған. Себебі – боран, екпіні секундына 20 метрге дейін жеткен күшті жел, көктайғақ. БҚО ТЖ департаменті қолайсыз ауа райы кезінде алыс жолға шықпау керектігін еске салады», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 55 ауылды жарықсыз қалдырған электр желілері жөнделіп жатқанын жазған болатынбыз.

боран
Фото: БҚО Төтенше жағдайлар департаменті
боран
Фото: БҚО Төтенше жағдайлар департаменті
боран
Фото: БҚО Төтенше жағдайлар департаменті

 

Соңғы жаңалықтар