Батыс Қазақстанда эпидемиолог мамандар жетіспейді

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында эпидемиолог мамандардың жетіспеушілігі байқалады.

Елордада эпидемиологиялық жағдай
فوتو: ۆيكتور فەديۋنين / Kazinform

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенованың мәлім еткеніндей, облыс көлемінде штат бойынша 196 эпидемиолог маман болуы керек.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда өңірде 183 эпидемиолог қызмет етіп жүр. Әлі де 13 маман қажет.

- Әр ауруханада эпидемиолог маманның болуы маңызды. Күні бүгін үш ауданда эпидемиолог жетіспей отыр, - деді Д.Жаңабергенова.

Департамент басшысының айтуынша, тұрғындардың санитариялық сауаттылығын арттыру, жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу, алдын алу іс-шараларын түсіндіру бағытында тиісті жұмыстар атқарылып келеді.

- Білім беру ұйымдарында, еңбек ұжымдарында және халық көп шоғырланған жерлерде семинар-дәрістер ұйымдастырылып, мамандар инфекциялық аурулардың таралу жолдары, алдын алу шаралары, жеке гигиена, дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салты туралы жан-жақты мәлімет береді. Сондай-ақ департамент бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, эпидемиологиялық ахуалға қатысты жедел ақпаратпен бөлісіп, тұрғындарды нақты әрі шынайы мәліметпен қамтамасыз ету жұмысын жүйелі түрде орындап отыр, - деді Д.Жаңабергенова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 5 100 қыз баланың жатыр мойны обырына қарсы егілгенін жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар