Батыс Қазақстанда Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі
Фото: Батыс Қазақстан облысы әкімдігі

ОРАЛ. KAZINFORM - Ауызашарға өңірде әр салада қызмет етіп жүрген азаматтар, еңбек адамдары, зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты.

Жиналғандарды Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев құттықтады. 

Батыс Қазақстанда Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
Фото: Батыс Қазақстан облысы әкімдігі

«Баршаңызды қасиетті Рамазан айымен құттықтаймын. Рамазан айы – күллі мұсылман қауымы үшін ерекше мезет. Бұл айдың рухани тұрғыда дамуымыз үшін де пайдасы зор. Себебі Рамазан кешірімді болуға, қайырымдылық пен игі істер жасауға үндейді. 2022 жылы алғашқы рет Ақордада Қазақстан Президенті атынан арнайы ауыз ашар берілген болатын. Бұл бастама биыл да өз жалғасын тауып, барлық облыста Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ораза ұстаушыларға ауызашар беріліп жатыр. Осы айда жасаған дұға-тілектеріңіз бен ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын! Наурыз мейрамы да құт-береке әкелсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» - деді облыс әкімі.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі
Фото: Батыс Қазақстан облысы әкімдігі

 

Соңғы жаңалықтар