Батыс Қазақстанда өз үйінен ер адамның денесі табылды

Батыс Қазақстанда өз үйінен ер адамның денесі табылды
Фото: Александр Павский/Kazinform

ОРАЛ. KAZINFORM - Батыс Қазақстан облысында өз үйінен ер адамның денесі табылды.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 3 ақпан күні Бәйтерек ауданы Достық ауылында болды.

«Шамамен сағат 09.00-де өз үйінен көптеген жарақатпен ер адамның мүрдесі табылды. Алынған іс-шаралардың нәтижесінде осы қылмысқа күдікті ретінде 1990 жылғы тұрғын анықталып, ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша арақ ішу барысында ер адамдар арасында жанжал шыққан. Күдікті кінәсін мойындап, жауап берді. Ол ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 128-бабының тәртібімен Приурал полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдарын Приурал полиция бөлімі жүргізіп жатыр. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда зорлықпен өлтірілген ер адамның мүрдесі табылғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар