21:20, 13 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Батыс Қазақстанда өзеннен ер адамның денесі табылды
ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында өзеннен ер адамның денесі табылды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 13 желтоқсан күні Бәйтерек ауданы аумағында болды.
— Шамамен сағат 12.00-де Садовое ауылы маңында Шаған өзеніндегі мұздың үстінен ер адамның мүрдесі табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Ер адамның кім екені анықталды. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді, — деп хабарлады ведомстводан.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда екі шетелдік азаматтың есірткі зертханасын ұйымдастырғанын жазған болатынбыз.