Батыс Қазақстанда республикалық жолда қозғалыс шектелді

9 облыстағы автожолдардың 42 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық жолдың екі бөлігінде қозғалыс шектелді.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша 20 қаңтар күні жергілікті сағат 20.40-тан бастап республикалық маңызы бар Казталов-Жәнібек-РФ шекарасы (0-158 км, Казталов-Жәнібек) жолы барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Сол секілді осы уақыттан бастап республикалық маңызы бар Чапаев-Жалпақтал-Казталов (0-213 км, Чапаев-Казталов) жолында барлық көлікке шектеу енгізілді.

Жол бөліктерінің жабылу себебі – кей жерлерде көктайғақ, жел, жаңбыр.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады.

Қазіргі кезде Батыс Қазақстан облысында 5 республикалық, 1 облыстық жол жабық тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда облыстық маңызы бар жол жабылғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ боранға байланысты Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктеріне шектеу қойылды.

Соңғы жаңалықтар