Батыс Қазақстанда Toyota Prado жүк көлігімен соқтығысып, үш адам қаза тапты

Дорожный знак ДТП Жол белгісі ЖКО жол апаты
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысында Toyota Prado Volvo жүк көлігімен соқтығысып, жанып кетті.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 24 маусым күні шамамен сағат 16.45-те Самара-Шымкент жолы бойында Теректі ауданы аумағында болды.

«Аңқаты ауылы тұсында Toyota Prado Volvo жүк көлігінің тіркемесімен түйісті. Жол апаты салдарынан жеңіл көлік отқа оранды. Өрт сөндірілгеннен кейін автокөлік салонынан үш адамның мүрдесі табылды. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр» деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да полиция қызметкері жеке көлігімен жылқыға соқтығысып, бір адамның көз жұмғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар