Батыс Қазақстанда үш автокөлік соқтығысып, 5 адам зардап шекті

скорая помощь
Фото: Дәурен Мұхамед/Kazinform

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында 3 автокөлік соқтығысып, бес адам жарақат алды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 19 наурыз күні Бөрлі ауданы аумағында болды.

Бөрлі-Ақсай жолында Пугачев ауылы тұсында «БМВ», «Лада Гранта» және «Шкода» автокөліктері түйісті. 

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 08.45-те шақыртылды. 

«Сағат 09.50-де Бөрлі аудандық ауруханасына 5 адам жеткізілді. Соның ішінде 1993 жылғы келіншек жарақат алған. Жүктілігіне 28 апта болған. Жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр. Хирургия бөлімшесіне жатқызылған 1984 жылғы ер адамның жағдайы орташа ауыр. 1980 және 1989 жылғы ер адамдарға, 1989 жылғы әйелге амбулаторлық ем тағайындалды» деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жол апатынан 6 адам зардап шегіп, біреуі көз жұмғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар