Батыс Қазақстанда жол апатынан екі оқушы көз жұмды

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан екі жасөспірім қаза тапты.

Батыс Қазақстанда жол апатынан екі оқушы көз жұмды
Фото: тұрғындардан

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 21 сәуір күні Бәйтерек ауданы аумағында Переметный-Белес жолында болды. Шамамен сағат 11.00-де Jac N56 және «ВАЗ-2110» көліктері соқтығысты. 

– Жол апатынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды. Жеңіл автокөлікте 2008 және 2010 жылғы жасөспірімдер болған. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Полиция департаменті мерт болғандардың отбасыларына көңіл айта отырып, ата-аналардың балаларының қауіпсіздігіне мұқият қарауы керектігін еске салады, - деп хабарлады ведомстводан. 

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, марқұмдардың бірі 2008, екіншісі 2010 жылғы, екеуі де – мектеп оқушылары. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жеңіл көлік автобуспен түйісіп, 3 адам ауруханаға жатқызылғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар