Батыс Қазақстанда жүкті әйел босану кезінде көз жұмды

аурухана
Фото: Pixabay

ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында жүкті әйел босану кезінде көз жұмды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 15 мамыр күні Жаңақала аудандық орталық ауруханасында әйел босану кезінде қайтыс болған.

«Қазіргі кезде аталған дерек бойынша Жаңақала ауданы полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде. Сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиғаны растап, сот-медициналық сараптама қорытындысы белгілі болғаннан кейін ақпарат берілетінін жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар