Батыста аяз болса, оңтүстікте +24°C: 7 қарашада күн райы қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Оңтүстікте ауа температурасы +24°C-қа дейін көтерілсе, солтүстік пен батыста жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Астанада да жаңбыр жауады. 

Батыста аяз болса, оңтүстікте +24°C: 7 қарашада күн райы қандай болады
Фото: Pexels

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Кей өңірлерде жел күшейіп, тұман түседі. Ал солтүстік пен батыста жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.

Астана: көшпелі бұлтты, жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +7…+9°C.

Алматы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +16…+18°C.

Шымкент: көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Жел 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +21…+23°C.

  • Батыста: түнде −3…+5 °C-тан −8…+3 °C-қа дейін, күндіз +5…+15 °C-тан +2…+10 °C-қа дейін төмендейді.

  • Солтүстік-батыста: түнде ауа температурасы −1…−8 °C-тан −6…+3 °C-қа дейін сәл жоғарылайды, күндіз +2…+10 °C-тан −3…+5 °C-қа дейін төмендейді.

  • Шығыста: түнде −9…+2 °C-тан −5…+8 °C-қа дейін, күндіз +2…+12 °C-тан +9…+17 °C-қа дейін жоғарылайды.

  • Оңтүстікте: түнде −2…+6 °C-тан +7…+17 °C-қа дейін жоғарылайды, күндіз +10…+23 °C пен +18…+27 °C аралығында құбылады.

  • Оңтүстік-шығыста: түнде ауа температурасы +0…+10 °C-тан +7…+15 °C-қа дейін жоғарылайды, таулы аудандарда −3…−8 °C-тан 0…+5 °C-қа дейін көтеріледі. Күндіз +15…+25 °C-тан +17…+25 °C-қа дейін, таулы аудандарда +10…+15 °C шамасында болады.

Айта кетейік, алдағы күндері Қазақстан аумағында бірнеше циклонның өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болатыны болжанды. Кезеңнің басында солтүстік өңірлер арқылы солтүстік циклонның жырасы өтсе, 8 қарашадан бастап еліміздің аумағы арқылы оңтүстік циклон жылжиды.