Баткенде үш кенші иісті газға уланып, қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Баткен облысы Самаркандек ауылында орналасқан шахтада үш кеншінің денесі табылды.
Қырғызстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім еткендей, қаза тапқандар иісті газға уланған, деп хабарлайды Кабар.
Оқиға орнына келген 9 құтқарушы сағат түнгі 02:30-да 90 метр тереңдіктен мерт болғандардың денесін жердің бетіне шығарды.
Қаза тапқан 1970 жылғы С. Ормонов, 1972 жылғы И. Ибрагимов және 1987 жылғы Акмат уулу У. заңсыз көмір өндірумен айналысқан.