Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Батон-Руждағы полиция қызметкерлерін өлтірген күдікті Иракта қызмет еткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Батон-Руж қаласындағы (Луизиана штаты) полицейлерді өлтірді деген күдікті, 29 жастағы Гэвин Лонг Иракта әскери қызмет еткен. Бұл туралы «Нью-Йорк Таймс» газетінің сайты хабарлады.

Батон-Руждағы полиция қызметкерлерін өлтірген күдікті Иракта қызмет еткен

Лонг АҚШ армиясы қатарында 2005-2010 жылдары болған. 2008 жылы оған сержант атағы беріліп, 2008-2009 жылдары Иракта қызмет атқарған.

Еске сала кетейік, 17 шілде күні Батон-Руж қаласында белгісіз біреу үш полиция қызметкерін атып өлтірген. Тағы үш тәртіп сақшысы жараланған, оның бірі ауыр халде жатыр.

Тергеушілердің болжауынша, Лонг қара нәсілді халық үшін полициядан кек алмақ болған.