Батутта секіріп жүрген қыз бала ұшырып жіберген жел салдарынан ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британиялық Харлоу қаласының ойын-сауық саябағында қайғылы оқиға орын алды. Үрленген батутта секіріп жүрген қыз қатты желдің салдарынан жерге құлап, ауыр жарақаттар алды.

Батутта секіріп жүрген қыз бала ұшырып жіберген жел салдарынан ажал құшты

Қыз дереу жақын жердегі ауруханаға жеткізілді. Алайда дәрігерлер оның өмірін арашалап қалмады. Полиция оқиға бойынша тергеу амалдарын бастап кетті.

Қазір екі адам салғырттық жасады деген айыппен ұсталды, деп жазды lifenews.ru.