Батуттағы гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
АСТАНА. KAZINFORM – 5–8 қараша аралығында Қытайдың Нанкин қаласында батуттағы гимнастикадан әлем чемпионаты өтеді.
Алдағы жарыста Қазақстан атынан бес спортшы өнер көрсетеді.
Халықаралық гимнастика федерациясы жариялаған алдын ала өтінімге сәйкес, ұлттық құрама сапына Роман Барков, Данил Мусабаев, Никита Тумаков, Ерлан Тасмағамбетов және Виктория Бутолина енген.
Айта кетейік, әлем чемпионатына қатысушылар қатарында Жапонияда өткен 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері Ерлан Тасмағамбетов те бар.
Спортшылардың қорытынды тізімі өзгеруі мүмкін.
Айта кетейік, «Қайрат» бүгін Конференция лигасында «Панатинаикоспен» кездеседі.