Батылдық пен ерлік танытқаны үшін МиГ-31 ұшағының экипажы мемлекеттік наградаға ұсынылады
АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Батылдық пен ерлік танытқаны үшін МиГ-31 ұшағының экипажы мемлекеттік наградаға ұсынылады.
Бұл туралы бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінде өткен брифинг барысында ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы, авиация генерал-лейтенанты Александр Сорокин мәлім етті.
«Батылдық пен ерлік танытқаны үшін экипажды мемлекеттік наградамен марапаттау туралы ұсыныс бар», - деді ол.
Сонымен қатар А.Сорокиннің атап өтуінше, тиісті заңнамаға сәйкес қайтыс болған экипаж командирі ұшқыш Марат Едігеевтің отбасына 5 жылдық ақшалай үлес мөлшерінде біржолғы өтемақы төленетін болады.