Батып кеткен «Коста Конкордиа» кемесінің капитаны үй қамаққа алынды
АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Итальяндық сот күйреуге ұшыраған Costa Concordia круиздік кемесінің капитаны Франческо Скеттиноны үй қамаққа алу жөнінде шешім қабылдады.
Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлайды.
Кеменің капитаны Франческо Скеттино қасақана емес өлім үшін тұтқынға алынған болатын. Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, Франчеко Скеттино 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Costa Cruises (Costa Crociere) компаниясына тиесілі Коста Конкордиа кемесі 14 қаңтарда Джильо аралының жанында апатқа ұшыраған болатын. Естеріңізге сала кетейік, кеменің бортында 4 мың 200-ден астам адам болған. Соңғы мәліметтер бойынша 7 адам қаза тауып, 28 адамның тағдыры белгісіз болып отыр.