«Батыр ана» Украинадағы халықаралық телефестивальде үздік деп танылды

АЛМАТЫ. 10 қазан. ҚазАқпарат - Украинаның Каменец-Подольский қаласында «Агросвет-2013» ХХ халықаралық телевизиялық фильмдер мен бағдарламалар фестивалінен қазақстандықтар олжалы қайтты.
None
None

Өнер бәсекесінде Батима Қабдолданованың «Батыр ана» авторлық бағдарламасы «Батыр өз арамызда» аталымы бойынша бірінші орынды жеңіп алды.

1993 жылы Латвияда алғаш рет басталған бұл телефестивальге биыл Украинадан басқа Әзірбайжан, Болгария, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қытай, Латвия, Ресей елдерінен аграрлық саладағы 45 журналист өз материалдарын ұсынған болатын. Украина ғылым академиясының академигі, Украина Батыры Петр Саблук бастаған қазылар алқасының саралауына 9 мемлекеттен 127 жұмыс түсті. Бәрі екшеле келе, 13 аталым бойынша үздіктер анықталып, 13 жұмыс қазылардың арнайы дипломына ие болды.

Соңғы жаңалықтар