«Батыр аруларға» ресейліктер, украиндықтар және америкалықтар дауыс беруде (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қарулы күштеріндегі әскери кәсіптің үздік өкілдеріне Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге жақын және алыс шетелдегі тұрғындар дауыс беруде.

«Батыр аруларға» ресейліктер, украиндықтар және америкалықтар дауыс беруде (ФОТО)

Ресей Федерациясы, Украина, Америка Құрама Штаттары, Біріккен Араб Әмірліктері, Беларусь, Германия және тағы басқа елдердің тұрғындары 12 үздік әйел әскери қызметшіні белсенді түрде таңдауда. 

«Осы жылы мен байқауға қатысамын деп бел будым. Себебі, бұл теңдессіз, бірегей сайыс. Әлбетте, мен финалистер қатарында болғым келеді. Мен әлеуметтік желідегі парақшамда дауыс беруге арналған сілтеме жасадым. Маған белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Байқауда қолдау өте маңызды екенін айта кеткім келеді», - деді «Батыр арулар-2016» байқауына қатысушы қатардағы жауынгер Есения Маркштедер.

Бүгінгі күні байқау қатысушыларына 130 мыңнан аса адам өз дауыстарын берді. Дауыс беру 2016 жылғы сәуірдің 1-і мен мамырдың 31-і аралығында ҚР Қорғаныс министрлігінің mod.gov.kz сайтында өтуде.  Барынша әділ дауыс беру үшін әрбір сайт қолданушысы бір ip-мекен-жайдан бір ғана дауыс бере алады. Таңдау оnline режімде өтуде, дауыстар автоматты түрде сайттың  веб-парақшасында көрсетіледі. Әрбір қатысушыға берілген дауыс санын айқын көрсетіп,  жалпы дауыс беру барысын жіті қадағалауға мүмкіндік береді.

Еске сала кетсек, арулар байқауы Қорғаныс министрлігінің бастамасы бойынша ұйымдастырылған. Былтыр алғашқы байқауға 123 әйел әскери қызметші қатысты. 40 күнде 255,7 мың дауыс берілді. Байқау қазақстандықтардың арасында ғана емес, сонымен қатар өзге елдердің тұрғындары арасында да қызығушылық туғызды. Дауыс беруге Ресей, АҚШ, Германия, Индонезия және Үндістанның қолданушылары белсене атсалысты. Нәтижесінде бірталай сынақтардан мүдірмей өтіп, өздерінің жауынгерлік әзірліктерін, төзімділіктері мен күш-жігерлерін паш еткен 12 жеңімпаз анықталды.

null null null null null