БАТЫР ХАН ҚАЙЫПҰЛЫ

Батыр Қайыпұлы (туған жылы белгісіз - 1771) - Кіші жүздің хандарының бірі, сұлтан. Жошыдан тараған Жәдік сұлтанның ұрпағы. Бұхарада оқып тәрбиеленген. 1728 жылы аз уақыт Хиуа тағында отырған. 1723-1729 жылдар аралығында қазақ - жоңғар соғыстарында Шекті руының жасағын бастап, жеке басының батырлығы және қолбасшылық қабілетімен көзге түседі.
None
None

ХVІІІ ғасырдың 20-жылдарының аяқ кезінен бастап Батыр Қайыпұлы Әбілқайыр ханның басты бақыластарының біріне айналды. Барақ сұлтанмен келісімге келіп, Әбілқайыр ханның өліміне себепші болады.

1731 жылы желтоқсанда Батыр Қайыпұлы Ресей бодандығын қабылдағанмен өзінің геосаяси мақсаттарын жүзеге асыруда жоңғарларға да иек сүйеуге тырысқан. Әбілқайыр ханның қазасынан кейін, Батыр сұлтан оның ұлы Нұралы ханның билігін мойындаудан бас тартқан.

1748 жылы қазан айында Әлімұлының Шекті, Шөмекей, Бозғыл, Қарасақал руларының басшылары Батыр сұлтанды хан сайлайды. Бірақ Ресей өкіметі оны хан танымаған. 1750-1760 жылдар аралығында Батыр хан Орта Азия жеріндегі хандармен бейбіт қарым-қатынас орнатқан.

Егде тартқан шағында Сырдарияның төменгі ағысындағы ордасында қайтыс болған.

Дерек көзі:

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 1 том.

Соңғы жаңалықтар
Референдум