Батыр ұшқышқа Нью-Йорктің кілті табыс етілді

НЬЮ-ЙОРК. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - Нью-Йорк мэрі Майкл Блумберг Гудзон өзеніндегі ерліктері үшін «US Airways» авиакомпаниясының А-320 аэробусының экипажына алғыс ретінде қаланың атынан символдық кілт табыс етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақпанның 15-інде Шарлот (Солтүстік Каролина) бағытында ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағының Гудзон өзеніне жедел қонуға мәжбүр болғанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Нақтыланған мәліметтер бойынша, US Airways компаниясының А-320 ұшағы Ла Гуардиа әуежайынан ұшып шыққаннан кейін экипаж командирі ұшақтың құстармен соқтығысып қалғанын хабарлайды және соның салдарынан ұшақты суға қондыру туралы шешім қабылдағанын айтады. Жолаушылар ескертуді естігеннен кейін, құтқару кеудешелерін киіп үлгерген. Оқиғаға двигательге кіріп кеткен құс себеп болған сияқты. Ұшақ мұздай суға бір сағаттың ішінде батып кеткен: алдын-ала ақпараттар бойынша, ұшақ бортында болған барлық адамдар (148 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі) салоннан аман-есен шыға алған, олардың барлығы суға батып бара жатқан аэробустан құтқарылып алынды. 80 адам суық тиіп, ауруханаға түскен ? Гудзондағы су температурасы 5,5 градус шамасында болған.Ұшқыштың кәсіпқойлығы жұртшылықтың және АҚШ президенті Барак Обаманың жоғары бағасын алып отыр. Нью-Йорк мэрі Майкл Блумберг салтанатты рәсімде экипаж мүшелеріне үлкен апаттың алдын алғандары үшін алғыс айтты.
Соңғы жаңалықтар