15:48, 10 Қазан 2019 | GMT +6
Батыр Жүкембаев IBF рейтингінің ТОП-15 қатарына ілінді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ санатындағы боксшылардың жаңа рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Айта кетейік, мұнда Нью-Йоркте 5 қазан күні өткен Геннадий Головкин — Сергей Деревянченко жекпе-жегіне дейінгі деректер ескерілген. Соңғы мәліметтер келесі тізілімге енеді.
Осы күнгі рейтинг бойынша, орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов бұрынғыша 10-сатыда тұр. Жартылай орта салмақ өкілі Нұрсұлтан Жаңабаев екі саты жоғарылап 11-орынға тұрақтады.
Бірінші жартылай салмақ санатындағы Батыр Жүкембаев та 11-орында.