Батыр Жүкембаев келесі жекпе-жегі туралы хабарлады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (18-1, 14КО) келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батыр Жүкембаев келесі жекпе-жегі туралы хабарлады

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында мәлім етілгендей, Б.Жүкембаевтың кезекті айқасы 17 желтоқсан күні Монреальда өтеді. Ол рингте мексикалық Хуан Хосе Мартинеспен (28-10, 20КО) кездеседі.

Бұл кештің басты айқасы ресейлік Артур Бетербиев (16-0, 16КО) пен америкалық Маркус Браун (24-1, 16КО) арасында болады. Ресейлік боксшы WBC және IBF нұсқалары бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы титулдарын қорғайды.

«Айқас 17 желтоқсан күні Монреаль қаласындағы танымал «Bell Centre» аренасында өтеді. Бетербиев-Браун чемпиондық жекпе-жегі өтетін GYM және Top Rank шоулары аясында өнер көрсетемін. Монреальға оралғаныма қуаныштымын», - деді Батыр Жүкембаев Instagram-да.