Батыр Жүкембаев кезекті жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев кезекті кездесуін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жолы Батыр Жүкембаев мексикалық боксшы Хуан Хосе Мартинеспен қолғап түйістіреді.

Бокс кеші Канаданың Монреаль қаласында өтеді. Бірінші орта салмақтағы жекпе-жек алты раундқа созылады.

Айқас алдында қарсыластар дәстүрлі салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, көзбен атысты. Батырдың салмағы 68 келіден асса, Мартинестікі 71,6 кг шамасында.

Айта кетейік, бұл кештің басты айқасы ресейлік Артур Бетербиев (16-0, 16КО) пен америкалық Маркус Браун (24-1, 16КО) арасында болады.

Ресейлік боксшы WBC және IBF нұсқалары бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы титулдарын қорғайды.


Соңғы жаңалықтар