Батыр Жүкембаевтың қарсыласы аяқ астынан ауыстырылды
Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО) басты айқаста шығатын Канададағы бокс кешіне барлық билеттер сатылып кеткенін бұған дейін хабарлаған едік. Сондай-ақ боксшының IBF Latino чемпионы аргентиналық Максимилиано Рикардо Веронға (12-3-1, 4 КО) қарсы айқасатыны жарияланған болатын. Алайда, канадалық БАҚ-тың хабарлауынша, отандасымыз «Рики» лақап атты мексикалық Рикардо Ларамен (22-7, 10KO) кездеседі.
25 қаңтарда өтетін айқаста қазақстандыққа тиесілі бірінші орта салмақтағы WBA Continental Americas пен IBF Inter-Continental титулдары сарапқа салынады.
Естеріңізге сала кетейік, Батыр Жүкембаев былтыр 26 қыркүйек күні Монреальда мексикалық Мигель Васкеске қарсы (41-9, 15 КО) өткізген соңғы жұдырықтасуында төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Халықаралық бокс ұйымының (IBO) рейтингінде ол өз салмағында 11-ші орында тұр.