Батыр Жүкембаевтың келесі қарсыласы кім ?
АСТАНА. ҚАзАқпарат - Канаданың Квебек қаласында кезекті айқасын өткізетін отандасымыз Батыр Жүкембаевтың қарсыласының кім екені белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Батыр Жүкембаев 26 мамырда аргетиналық Джонатан Хосе Эниспен қолғап түйістіретін болды. Отандасымыздың қарсыласы осыған дейін кәсіпқой бокста 30 кездесу өткізіп, оның 20 кездесуінде жеңіске жетсе, 9 кездесуінде жеңіліп, бір кездесуде қарсыласымен тең түскен. Биыл жасы 23- те.
Ал 27 жастағы қазақ «батыры» кәсіпқой бокста осыған дейін 12 жекпе-жек өткізіп барлығында жеңіске жеткен. Оның 10 кездесуін нокаутпен аяқтаған. 26 мамырдағы өтетін жекпе-жегі Жүкембаевтің кәсіпқой бокстағы 13 кездесуі болмақ.
Фото: DodaSport.kz