Батырхан Шүкенов түскен «Оқытушы» жастар комедиясы прокатка шықты

АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін «Оқытушы» музыкалық комедиясы қазақстандық көрермендерге жол тартты.
None
None

Туындыда Камиланың (16 жастағы әртіс Ажар Ибраева) және Арманның («Орда» тобының әншісі Дастан Оразбеков) махаббаты жайлы баяндалады. Жігіт студент бойжеткенге ес-түссіз ғашық болады. Оны өзіне қаратып, жүрегін жаулап алу үшін оқытушының кейпіне енуді ұйғарады. Фильмнің бас кейіпкері үшін бұл сырын бүгіп қалу оңайға соқпайды.

«Оқытушының» музыкасын танымал әнші және композитор Батырхан Шүкенов жазды, сол сондай-ақ, фильмде қосалқы рөлдердің бірін сомдады. Картинада айтылатын негізгі әндерді украиналық Дарья Громова мен X-Factor байқауының жеңімпазы Дәрия Ғабдулл шырқайды.

Туындының режиссерлері - Балтық жағалауы елдерінің клипмейкерлері Виктор Вилкс және Славомир Леонтьев. «Қазақфильм» АҚ-ның тапсырысымен Vox Pictures компаниясы түсірген музыкалық комедияның бюджеті 1,5 миллион АҚШ долларын құрайды.

Соңғы жаңалықтар