Батырхан Шүкеновке ұқсайтын ер адамның рөліне кастинг жарияланды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда Батырхан Шүкеновке ұқсайтын ер адамға кастинг жарияланды. Бұл туралы марқұмның досы, «Батырхан Шүкенов» қоғамдық қорының директоры Олжас Байқанов хабарлады.
Ер адамға қойылатын талап: бет-әлпеті Батырға ұқсауы және «Аманат» әнін білуі керек.
Сонымен қатар, 18-25 жас аралығындағы қыздың рөліне де кастинг жарияланып отыр.
Кастинг «Аманат» клипін түсіруге және болашақта көркем фильмге актер іздеу мақсатында жарияланған.