Батырхан Шүкеновтің есімі халқымыздың жадында сақтала береді - Мемлекет басшысы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі музыкант, эстрада әншісі әрі композитор Батырхан Шүкеновтің қайтыс болуына байланысты
марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Жеделхатта Б.Шүкенов жан-жақты дарындылығы, жоғары орындаушылық шеберлігі және жеке басының қасиеттерімен миллиондаған тыңдаушылардың сүйіктісі болғаны атап өтілген.
«Осындай адамның кенеттен қайтыс болуы бәрімізді өкіндіріп отыр. Оның есімі және орындауындағы шығармалары халқымыздың жадында сақтала береді», - делінген жеделхатта.