Батырлар мен ұлт қаһармандары туралы арнайы жинақ шығару жоспарланып отыр - М. Құл-Мұхаммед
ТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Батырлар мен ұлт қаһармандары туралы арнайы жинақ шығару жоспарланып отыр.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті.
«Ұлттық мәдениет үшін маңызы өте үлкен және қоғамда кең пікір тудырған бірегей ауқымды жобалар - «Қазақтың дәстүрлі мың күйі» мен «Қазақтың дәстүрлі мың әні» сияқты жобалар жүзеге асырылды. Келешекте осы форматта батырлар мен ұлт қаһармандары туралы арнайы жинақ шығару ойымызда бар», - деді ведомство басшысы.
Осы орайда министр "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында қазақтың дәстүрлі музыкасы мен мәдениетінің үлгілерін жүйелеу және оларды халық пен болашақ игілігіне айналдыруға қатысты ауқымды жұмыстар жалғасатынын қадап айтты.