«Батырлардай қарсы алды»: Марокколықтар футболшыларына құрмет көрсетті

None
АММАН.ҚазАқпарат – Биыл Марокко ұлттық құрамасы Катардағы футболдан әлем чемпионатында Бельгия, Португалия және Испания сияқты элиталық командаларды жеңіп, төртінші орын алды. «Атлас арыстандарын» марокколық жанкүйерлері зор қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сейсенбіде футболшылар отырған ұшақ ел астанасы Рабат қаласына қонғаннан кейін ойыншылар Марокко астанасының негізгі көшелерімен автобуспен жүріп өтті.

«Атлас арыстандары» деген атпен танымал Марокко футболшылары осы чемпионаттың ең сәтті ойын көрсеткен ойыншыларының бірі ретінде тарихқа енді.

Осы жолда «Атлас арыстандары» әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан алғашқы Африка және араб елі атанды. Футболшылардың чемпионаттан оралуы жанкүйерлер үшін ерекше мереке болды.

Сонымен қатар Марокко королі VI Мұхаммед команданы сарайында қабылдаған.

Марокколық БАҚ-тың хабарлауынша, король және мұрагер ханзада Мулай Хасан ұлттық құрама ойыншыларына, сондай-ақ команданың бас бапкері Валид Реграгиге марапаттар тапсырған.


Бұған дейін француздар Қатардан оралған футболшыларды қошеметпен қарсы алғанын және

Аргентина халқы чемпиондарына құрмет көрсеткенін жазған едік.


Фото : AlJazeera, @AchrafHakimi, @snakyhatun, @Le360fr


Соңғы жаңалықтар