Батыс Африкада арыстандардың жойылып кету қаупі бар
АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Жаңа зерттеулер сұмдық нәтижелерді көрсетті. Батыс Африкада небәрі 500-ге жуық арыстан қалған, олардың саны айтарлықтай азайып келеді, тіпті жойылу қаупі бар.
Зерттеу жұмысы алты жыл көлемінде Сенегалдан Нигерияға дейінгі Африканың 17 елінің аумағында жүргізілді. Бұрын арыстандардың мекені болған аумақтың көп бөлігі бүгінде ауыл шаруашылығы бағытында пайдаланылуда, деп хабарлады Informing.
Белгілі болғандай, бүгінде Батыс Африкада арыстандар бұрын мекендеген жерлерінің 1 пайызында ғана тіршілік кешуде.