Батыс Африкада Эбола вирусынан қаза тапқандардың саны 9714 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 ақпаннан Эбола вирусынан зардап шеккендердің саны 54 адамға, дертті жұқтырғандардың саны 88 адамға ұлғайды. Дүйсенбі күні ДДСҰ жариялаған мәліметтер бұған дәлел, деп жазды ТАСС.

Батыс Африкада Эбола вирусынан қаза тапқандардың саны  9714 адамға жетті

Жалпы эпидемия басталғалы Гвинея, Либерия және Сьерра-Леонеде 9714 адам қаза тапты, 23 913 аталған вирусты жұқтырды.

Либерияда індет салдарынан көз жұмғандардың саны 4057 адамға, оны жұқтырғандардың қатары 9265 адамға жетті. Сьерра-Леонеде 3530 адам қаза тапса, 11 мың 443 адам дертке шалдыққан. Ал Гвинеяда вирусты 3205 адам жұқтырып, 2127-сі ажал құшты.

Дерт Мали, Нигерия, Сенегал, Испания, Ұлыбритания және АҚШ-та да тіркелген. Алайда бұл елдерде Эбола жұқтырғандардың саны он адамнан аспайды. Нигерияда 20 адам Эбола дертіне шалдығып, сегіз адам қаза тапты.